Қазақстанда тағы бір мереке бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкіметтегі брифингте журналистер Энергетиктер күнінің демалыс күні болып бекітілу мүмкіндігін сұрады.
"Қазіргі уақытта Энергетиктер күніне қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр, мәселе – бұйрықты бекітуге қатысты. Жоба Әділет министрлігінде келісу сатысында.
Жақын арада келісім берілсе, біз 22 желтоқсан күнін бекітемі", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.