Қазақстанда былтыр қанша адам өндірісте жүріп жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2024 жылы Қазақстанда жарақаттану көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 7,5% -ға төмендеген, жалпы 2471 жазатайым оқиға тіркелген. Соның ішінде 288 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 529 адам кәсіптік аурулардан, 26 адам улану кезінде зардап шеккен.
Сондай-ақ, өндірістегі өлім-жітім саны да азайған: 24,8%.
Жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші Жетісу облысында (20 адам), Шымкент қаласында (30 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 адам) тіркелді.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (32,4%), тау-кен өнеркәсібінде (19,4%), сондай-ақ, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте (8,3%) байқалған.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымда жұмыс істеген 30-дан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.