Қазақстанда психологтар арнайы реестрге тіркелуге міндеттелмек

Көркем Алдабергенова 04 февр. 2026 10:30

Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін арнайы заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізін қалыптастырып, осы саланы реттеуге жүйелі әрі кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

«Заң жобасында психологиялық қызметтің негізгі қағидаттары мен түрлері егжей-тегжейлі айқындалған, сондай-ақ кәсіби психологиялық көмектің шекарасы белгіленеді. Барлық психологтар жеке реестрге тіркелетін болады. Бұл психологиялық қызметпен заңсыз айналысатын тұлғалардың әрекетінің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді мәжілісмен.

Депутаттың сөзінше, бірыңғай реестр енгізу арқылы мамандардың кәсіби мәртебесін нақтылау және азаматтардың сапалы психологиялық көмек алуына жағдай жасау көзделіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove