Қазақстанда жалпы сомасы 2 млрд 400 млн теңгенің күдікті деп танылған операциялар бойынша 24 мың банк картасы бұғатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Хабар"арнасы хабарлағандай, шоттарға бұғат мынандай күдіктер бойынша салынған:
- аз-маз сомадағы көп ақша аударымдары;
- экономикалық мағынасы жоқ операциялар;
- есірткінің заңсыз айналымына байланысты есепайырысулар.
Сонымен қатар, есірткі таратылатын интернет-ресурстардың бұғатталуы үш есеге артты.
- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында:
- 17 мыңнан астам есірткі сайты жабылды;
- есірткіні насихаттау фактілері бойынша сотқа дейінгі 95 іс тіркелген;
- 1 миллион адамды қамтитын 11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шаралар өткізілді.
"Есірткі қылмысына қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақты қорғау мүддесінде күшейтілген режимде алда да жүргізіле беретін болады", - дейді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.