Қазақстанда жасалған автокөліктердің сапасына сенім бар: Allur зауыты турал айтқанда

Сағыныш Сардарова 27 июн. 2024 21:06 3635

Отандық автокөлік өнеркәсібі төңірегенде, ондағы құрастырылуға қатысты  таралып жатқан аңыздарға қарамастан өндіріс қарыштап дамып келеді. Утилизаиялық алым туралы өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы Allur зауытына барды. Өндірістің барлық кезеңдерінде жоғары технология менавтоматтандырылғандығы көрсетілді. Жаңа технологияларды енгізіп, студенттерге арналған кәсіби құзыреттілік орталығының ашқан. Осы арқылы кәсіпорын қазақстандық автоөнеркәсіптің болашағы жоғары білікті мамандар мен өндірістің инновациялық әдістеріне байланысты екенін сенімді түрде көрсетіп отыр.  

Зауытта автокөліктерді өндіру барасында олардың әрбір детальдары  жүзеге асыруда тек қол еңбегі ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық роботтар қатысады. Әрбір көліктің шанағы  автоматты түрде геометриялық өлшеуден бастап көптеген бақылау кезеңдерінен өтеді. Автоматты режимдегі өлшеу машинасы ауытқуларды болдырмауға және геометриялық дәлдік 95% өлшем жасуға мүмкіндік береді.    

Зауыттың өндірістік желілері роботтандырылған озық жүйелермен жабдықталған. Мысалы, шанақты дәнекерлеу лазердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ұсақ түйінді құрастырудың жоғары беріктігі мен дәлдігін қамтамасыз етеді. Автоматтандыру сапаны жоғары деңгейде сақтай отырып, күніне 40-қа дейін шанақ шығаруға мүмкіндік береді. Отандық автоөнеркәсіптің өндірістік процесі роботтар мен адамдар қатар жұмыс істейтін интеграцияланған түрде жүреді. Бұл бренд шығаратын серіктестер талаптарына тезірек бейімделуге және сапаны жоғалтпай әртүрлі автокөлік модельдерін шығаруға мүмкіндік береді.     

Конвейерден шыққан әрбір көлік қатаң түрле сапалық бақылаудан өтеді. Зауыт зертханаларында материалдар мен компоненттерді физикалық-механикалық талдау, сондай-ақ дәнекерленген қосылыстардың беріктік жағынан сынау жүзеге асырылады. Дәнекерлерген жердің мықтылығына көз жеткізу үшін ауыр жүктемелер түсіретін сынақтар жасалады. Осылайша оның беріктігіне көз жеткізіледі.

Адами капитал

Allur қызметкерлерді оқытуға ерекше назар аударады. Цех операторлары мен бақылаушылары өндірістің жоғары стандарттарына сәйкес келу үшін үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл зауытқа өнімнің тұрақты сапасын сақтауға және жаңа технологиялық талаптарға бейімделуге мүмкіндік береді. 2023 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің саны 3 305 адамды құрады.

Осы жылдың наурыз айында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында кәсіби құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл Орталық Қазақстандағы CKD-өндірісінде (шағын торапты құрастыру) студенттерді оқытуға арналған алғашқы алаң болды. Зауыт өндірісте пайдаланылатынмен бірдей заманауи жабдықты сатып алуға және орнатуға 60 млн теңге инвестициялады. Студенттер енді оқумен қатар тәжірибелік дағдыларды үйренеді. Бұл зауытқа жұмыс істеуге дайын, білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын сонымен қатар өз қызметкерлері мен жергілікті қоғамдастыққа белсенді қолдау көрсетеді. Зауыттың барлық қызметкерлері тегін жол жүрумен, тамақпен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орындары құрылды. Зауыт  қызметкерлеріне корпоративтік медициналық сақтандыру, жатақхана, білім беру гранттары, шетелдік тағылымдамаларды және бірқатар арнайы жеңілдіктерді ұсынады: еңбек сіңірген жылдары үшін жалақыға қосымша ақылар: 3 жыл - 5%, 7 жыл - 10%, бригадирлік және тәлімгерлік үшін - 10%; серіктес ұйымдардағы қызметкерлерге жеңілдіктер. Бұдан басқа, зауыт оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал ете отырып, Қостанай автомобиль көлігі колледжіне қамқорлық жасайды.

Allur отандық автоөнеркәсіптің тиімділігі жоғары, адами капиталға ден қойған жоғарытехнологиялық және сапалы өндіріске қабілетті екенін көрсетеді. Өйткені Қазақстанда автокөлікөндірісінің әрбір кезеңі автоматтандыру мен кәсібиліктің жоғары деңгейде екендігін көрсетіп отыр.Қазақстандықтар туған жерінде өндірілетін өз автокөліктерінің сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола алады.


Рекомендовать
Последние новости