Қазақстанда болжамды инфляциялық көрсеткіш көлемі артты - ҰБ сауалнамасы

Кәмшат Тілеухан 11 окт. 2024 11:15 1163

2024 жылғы қыркүйекте алда күтілетін ықтимал инфляциялық көрсеткіш тамыздағы 13,1%-бен салыстырғанда 14,1%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл цифр ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамасында келтіріледі. Бұл ретте елімізде тамыздағы инфляция 8,4%-ды құрағанын еске сала кетелік (шілдеде - 8,6%).

Сауалнамаға сәйкес, тауарлар мен қызметтердің бағасы "қатты өсті" деп санайтын азаматтардың үлесі төмендеген. Жыл басында бұл көрсеткіш 40,6%-ды құраса, бүгін - 29%. Қазақстанда күтілген инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші (67%) Украинада әскери іс-қимылдар басталған 2022 жылдың көктемінде тіркелді.

Егер ҚР ҰБ сауалнама нәтижесін егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, онда азық-түлік бағасының өскенін айтқан респонденттердің үлесі басым екенін байқауға болады (66,9% - қыркүйекте, 66,2% - тамызда).

Тұтынушылар мен сатушылар, ең алдымен, ет пен сүт, жемістер мен көкөністер, дәрі-дәрмектер, тұрмыстық химия бағасының өскенін атап өткен. Сондай-ақ, ТКШ мен медициналық қызметтер бағасының өсуі де қарашаны алаңдатады.

Алдағы 12 айда азаматтардың 52,9%-ы бағаның өседі деп есептейді. Ұлттық банк сауалға тартқан ел азаматтарының 0,8%-ы ғана инфляция төмендейді деп сенеді.

Қазақстанда инфляцияны тудыратын себептер ретінде азаматтар мыналарды атады:

  • дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы - 66,1%;
  • жанар-жағармай мен дизель отынының бағасы -33,8%;
  • доллардың қымбаттауы -34%;
  • жалақы мен зейнетақының өсуі-28%.

Қазақстан бойынша сауалнамаға еліміздің барлық облыс орталықтарынан, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан  (18 жастан жоғары) 1500 респондент қатысқан.


Рекомендовать
Последние новости