Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы бұйрығымен Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихын білудің көлемі бекітілді.
"Азаматтыққа қабылдау кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білу кемінде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін білу 9 балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемі 15 балдан кем емес ұпай болып бекітілсін", – делінген құжатта.
Бұйрық 12 қазанда күшіне енді.