«Қазақстан Аруы» аясындағы жанжалға нүкте қойылды

Dalanews 18 апр. 2023 04:10 751

«Қазақстан Аруы» ұйымдастыру комитеті "Ғалам аруы Қазақстан-2022" атағының бұрынғы иегері Диана Тәшімбетовамен болған жанжалдың мән-жайын айтып, мәселеге нүкте қойды. Онда комитет Диана Тәшімбетованың шеттетілу себептерін егжей-тегжейлі талқылап, екі тарапының арасындағы түсініспеушіліктің қандай кезеңде тұрғанын айтқан болатын.


Мәселені ашып алу үшін Д.Тәшімбетова мен ұйымдастыру комитетінің арасындағы жұмыс барысынан баяндап өтсек. 18 қараша күні өткен «Қазақстан Аруы -2022» финалынан кейін ұйымдастыру комитеті 24 қараша күні «Ғалам Аруы» әлемдік байқауынан 2023 жылғы байқау 14 қаңтар күні Жаңа Орлеанда өтетіндігі туралы хабарлама алады.

«25 қараша күні айтулы мәселе бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшелері жиналып, ақылдастар алқасын өткізеді. Алайда, уақыттың тығыздығы мен қаржыландырудың жоқтығына байланысты Д.Тәшімбетованы биыл емес, келесі жылы жіберу туралы шешім қабылданды. Артынша Д. Тәшімбетова мен оның анасына шешім туралы хабарланған. Алайда, олар бұл келісімше келіспейтіндіктерін және қаржыландыруды өз мойнына алатындықтарын мәлімдеді. Біз өз тарапымыздан бұл шешімді қабылдап, оны дайындау жұмыстарына кірісіп кеттік. Бірақ 2-3 күн өтпестен жатып Қ.Тәшімбетова (анасы) келіп қаржылық шығынның көп екендігін, толықтай мойнына алмайтындығын және ұйымдастыру комитетінен шығынның 50% өтеуін талап етті. Нәтижесінде бірнеше кездесулер мен келіссөздер өтізіліп, бір шешімке келе алмадық»,- дейді «Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауының президенті Катрин Безверхова.




2022 жылғы 6 желтоқсанда «"Қазақстан аруы" ұйымдастыру комитеті "Ғалам аруы Қазақстан-2022" жеңімпазы Диана Тәшімбетова биылғы жылы "Ғалам аруы – 2023" әлемдік байқауына дайындалуға уақыттың жетіспеуіне және қаржыландырудың болмауына байланысты бармайды» деген шешім қабылдады. Бұл туралы 6 желтоқсанда Д. Тәшімбетова хабарланған. Ал, қазір олардың «бармайтындығын АҚШ-қа кетерден 1 апта бұрын ғана естідік» деген пайымы шындыққа жанаспайды. Оны дәлелдейтін дәйектердің барлығы іске тігілген. 2022 жылдың 26 қарашасында Диана отбасымен бірге АҚШ-қа кеткен. Ал 29 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де ол Instagram-да тікелей эфир өткізіп, байқаудың бүкіл ұйымдастыру комитетін қаралайды. Сондай-ақ, Тәшімбетова ұйымдастыру комитеті оны Светлана Лобода ұйымдастырған кеште болуға міндеттегенін және ересек ер адамдардың қасына отырғызғанын айтқан болатын. Шын мәнінде бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат.

«Түйіндеп айта кеткім келеді – «Қазақстан Аруы» байқауының ұйымдастырушылары мен қатысушылары Светлана Лободаның концерті мен афтепатиіне өзге қонақтардың қатарында тек қонақ ретінде қатысты. Келісімшартқа сәйкес Лободаның ұйымдастырушылары ТОП 12-ге кірген жеңімпаз қыздарға концерт пен афтепатиге билет сыйлаған болатын. «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Д.Тәшімбетова айтқандай оларды ол жерге ешкім мәжбүрлеп апарған жоқ. Барлығы тек өз қалауларымен барды. Мәселен, 12 қыздың ішінен 4-і афтепатиге барған жоқ және оларды ешкім мәжбүрлемеді. Иә, олардың қаіупсіздігін қамтамасыз ету үшін біз олармен бірге кастинг менеджерді бірге жібердік. Олар кеш бойы бірге отырып, бірге қайтты. Сол себепті Д.Тәшімбетованың сол афтепатиді байқау ұйымдастырушылары ұйымдастырып, сол жерге үлкен еркектерді шақырып, таныстырмақ болды деген мәлімдемесі мүлдем шындыққа жанаспайды. Айта өтейік, 19 қараша күні мейрамхана ашық болған, ол жерде жабық кеш ұйымдастырылған жоқ. Онда байқау қатысушыларымен қатар блогерлер, Лободаның арнайы қонақтары, серіктестерімен қатар мейрамхана қонақтары да болған. Сол себепті «Қазақстан Аруы» байқауы мейрамхана қонақтарының әрекеттеріне еш жауап бермейді. Ең қызығы, егде жастағы еркектер сөз салды деген дәйекті Д.Тәшімбетовадан басқа ешбір қыз растамай отыр»,- деп атап өтті директор Катрин Безверхова.


«Қазақстан Аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары «Байқауды өткізу ережелері» құжатының тармақтарын негізге ала отырып, Диана Тәшімбетованы «Ғалам аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды.

Осы құжаттың "дисквалификациялау үшін негіздер" 12-бабының 12.1-тармағында " Ұйымдастыру комитеті байқау өткізу тәртібін реттейтін құжаттардың ережелерін бұзатын, байқау іс-шараларының тәртібін орындамайтын, қате мәліметтер (немесе оларды растау үшін қосымша ақпарат пен құжаттар ұсынбаған) берген, байқауды тиісінше өткізуге кедергі келтіретін басқа да тәртіп бұзушылықтарға жол берген қатысушыларды байқаудан шығарып тастауға құқылы делінген. Сол шарттың 12.2-тармағына сәйкес «дисквалификация туралы шешім түпкілікті болып табылады және оны қайта қарау мүмкін емес» делінген.


Ал, 2023 жылғы 6 ақпанда түсіріліп, 15-16 ақпанда эфирге шыққан ҚТК телеарнасының"Астарлы ақиқат" бағдарламасына Диана Тәшімбетова мен оның анасы Қарлығаш Тәшімбетова қонаққа келіп, музыкалық орындаушы Жан Ахмадиевпен бірге байқаудың ұйымдастыру комитетіне қасақана жала жабады және оның беделіне нұқсан келтіреді. Сол себепті Қ. Тәшімбетова мен сарапшы ретінде қатасқан Жан Ахмадиевке қатысты сотқа арыз түсіру туралы шешім қабылданды. Алайда, сотқа қатысты нақты шешім филологиялық сараптаманың нәтижесіне байланысты болады, - дейді адвокаттар қауымы.

«Қазір екі бірдей бағдарлама мен тікелей эфирде айтылған пікірлердің барлығы арнайы сарапшыларға жөнелтілді. Ұйымның беделіне залал келтіру фактісі дәлелденген жағдайда біз дереу сотқа шағып түсіруге дайындалып жатырмыз»,- деп атап өтті «Қазақстан Аруы» ұлттық сұлулық байқауының адвокаты Гаухар Сәлімбаева.

Рекомендовать
Последние новости