Қазақ қыздарының жолы неге болмай жүр?

Dalanews 26 сент. 2015 02:51 1654

Ақселеу аға Сейдімбектің бірде былай дегені бар еді: – Алты-жеті жастамын, келе жатсам ауылдағы көшенің анау басында бір әйел жолымды тосып тұр; не жүрмейді, не басқа жаққа кетпейді, жақындай бергенімде «Қарғам, жолыңды кеспейін деп тосып тұрмын, сен өтіп кет  – сен еркексің ғой» деді. Жеті жасар баланың жолын жетпістегі кейуана кеспеді, сөйтіп!».
Алматының Арбатымен жүріп өттім. Алдымнан кесіп өткен қазақ қыздарының санынан жаңылдым. Көрмей қалса бір жөн, ер кісінің келе жатқанын көре тұра, әдейі, кес-кестеп кесе-көлденең өтіп жатыр. Қаңғалақтаған бір ой келді басымызға. Бүгінгі қазақ қыздарының жолы болмай жүргені, үйленуден ажырасудың көбейгені, тіршілігінің сәні келмей жатқаны осындай кердең әрекеттен емес пе екен?!.

Нұртөре ЖҮСІП

 


Рекомендовать
Последние новости