ҚАЗАҚ НЕГЕ КҮЗЕТШІ?

Dalanews 23 окт. 2015 03:25 1538

жарасГазетіміздің тұрақты авторы Жарас Кемелжан (суретте) «Қазақ неге күзетші?» деген тақырыпқа қатысты көрген-білгенін ортаға салған екен. Шынымен де, қазаққа күзетші болуды маңдайына жазған ба? Бұл кімнің кінәсі, кемшілік өзімізден бе, әлде өзгелерден бе? Автор бұған қатысты мынадай ой түйеді. 

 

«Күзетші болу қазақ жігіттерінің маңдайына жазылған кәсіп пе деп?» кейіп жүруші едік. Сөйтсек, кінә өзімізден сияқты...

 Қайсыбір күні Алматыдағы әйдік мейрамхананың бірінен дәм бұйырды. Кештің ортасында бел жазып далаға шығып, қонақтармен танысып, әңгіме-дүкен құрып тұрғанбыз.

Есік көзіндегі күзетші жігіттің талтаң-талтаң басқан жүрісі, әлдебіреумен рация арқылы сөйлескені назарымызды бөле берді. Рацияның арғы жағынан әйел дауысы саңқ-саңқ етіп анық естіледі. Әлгі жігіттің қызметтік байланыс құралын ұялы телефон сияқты пайдаланғаны, шынында ерсі көрінеді бізге. Арамызда үлкен кәсіпкер кісі бар еді. Еңселі күзетшіні қасымызға шақырды. Аты-жөнін сұрап, рациямен бұлай ұзақ сөйлесуге болмайтынын салмақты түрде ескертті.

 «Қолың алдыңа сыймаса, басқа пайдалы іспен айналыс. Қызбен қысыр әңгіме соғу еркек басыңа жараспайды» – деді.

Анау болса «Жұмыс жоқ. Күзетте бір тәуліктен бері тұрмын. Ішім пысқан соң қыздармен сөйлеспегенде не бітірем?» – дейді рацияны құлағынан алмаған күйі. Кәсіпкер көкеміз жомарт жан екен.

 «Онда ертең маған кел. Бір жақсы жұмыс тауып беремін», – деді бәріміздің көзімізше. Қара кастюм-шалбар киіп, талтайып тұрған жігіт «Не жұмыс бересіз?» – деді кердиіп.

– Зауытым бар. Шағын кран жүргізесің.

 – Кран жүргізу ауыр ғой. Зауыттың іші шаң-тозаң. Ондай «қара» жұмыс істегім келмейді.

– Табысың мына күзеттен алатыныңнан әлдеқайда көп болады.

 – Қажет емес. Күзетшілік жеңіл, таза жұмыс. Мұнда күнде қызық, күнде той. Әңгіме сол арадан үзілді...

1402571818_120614-a1b044Көз алдыма бала кезімдегі бір елес оралды. Ауылға (Қытайдың Мұңғұлкүре ауданы) қытайлардың (ханзулардың) жаңадан келіп жатқан кезі еді. Ауыл балаларына арнап жаңа мектеп салатын болды. Құрылысты ішкі Қытайдың Сы шуән деген жерінен келген ханзулар жүргізді. Ханзу деген халықты тұңғыш рет сол жылы көрдім.

Үлкендер әлгі қытайлардың еңбекқорлығына тәнті болып, жыл бойы тамсанып айтып жүрді. Сол сы шуәндықтардай еңбекші халықты күні бүгінге дейін кездестірген жоқпын. Жұмыстан қажымайтындары соншалық темірмен тоқылып, тас-цементпен құйылған ауыр плиталарды әпкеш салып, мектептің төбесіне жалаңаш иықтарымен көтеріп шығаратын. Адам айтса нанғысыз! Қазір сондай плитаны арнайы техника, кранмен ғана көтереді ғой. Ауылда көкпарға тайынша тартып жүрген талай білекті жігіттер әлгі ханзулардың қайраты мен жігеріне шын тәнті болып, ұзақ жыл аңыздай жыр қылды.

Рекомендовать
Последние новости