Қазақ жалқау ма?

Dalanews 01 июл. 2016 11:05 554

 Бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Мен әрбір қазақстандықтың ертеңгі күнге сенімді болуын қалаймын.Әр талпынған азаматтың жұмысы болуы керек, отбасын асырауға қажетті табысы болуы керек. Біз осыған көмектесуге тиіспіз. Көмектескенде оған беретін мемлекеттің тегін таратылып жатқан ақшасы жоқ. Өзбекте мақал бар: «Бекер отырғанша бекер жұмыс істе» деген. Сондықтан да, біз де соны үйренуге тиіспіз. Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылу керек», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстанда әрбір азаматтың жұмыс тауып, өмірін жақсартуға барлық жағдай қарастырылған. «Әкімдер, министрліктер біріге отырып осы шаруаларды атқарсақ - мақсатқа жетеміз», - деді Н. Назарбаев.

Дереккөз: Қазақпарат


 

Рекомендовать
Последние новости