Қазақ баласы Шанхайда өткен «Жас өспірім Эдисон» байқауында топ жарды

Dalanews 15 мар. 2017 09:19 1071

Қытайдың Шаңхай қаласында өткен «Жас өспірім Эдисон» байқауында қатысып, тапқырлығымен қазақтың мақтанышына айналған Таланттың тапқырлығы туралы Қазақстанның ақпарат құралдары да жаза бастады. Іле аймағы Күнес ауданында тұратын бауырымыз Талант Бектұрұлы бірден дезинфекцияланатын шприц жасап шыққан болатын.

Таланттың әкесі Бектұр Назарханұлы 20 жылдан бері мал дәрігері болып істейді. Осы жыл арасында Күнес ауданы Нарат ауылының жауапты мал дәрігері болып, екпе егумен айналысқан. Әкесінің осы ауыр жұмыстың азбынан азда болса арылту мақсатында Талант қолайлы шприц ойлап тапқан-ды. Оның ерекшелігі бір малға вакцина салғаннан кейін шприц инесін дезинфекциялап уақыт жұмсамайсыз, малдың денесінен инені суырып алғанда автоматты түрде дезинфекцияланады. Осылайша уақытты да, адам энергиясын да  үнемдеуге болды. Ендеше Таланттың осы тапқарлықты қалай жасап, байқауға қалай қатысқаның Таланттың талантының ашылуына себепші болған әкесі Бектұр Назарханұлының аңгімесінен назарларыңызға ұсынамын.

– Талант кішкене кезінде менің артымнан қалмайтын еді. Мал дауалағанда болмаса малға екпе салғанда артыма мінгесіп алып, мал дауалаған үйлерге еріп баратын. Мен малға екпе салып жатқанда ойыннан жалыққан Талант үйге қайтайық деп әлек салушы еді. Сондықтан көбінде ертпей кететінмін. Мен үйге келгенше тезірек келуімді күтетін. Міне, осы жағдайлар себебінен кішкене кезінен менің жұмысымды жеңілтетпек ойда жүрген сияқты. Содан есінде жүрген, көкейтесті қиялын былтыр (2016 жылды) қолға алып жасап, алғашқы нұсқасын оқып жатқан мектебінің мұғалімдеріне көрсетті. Мұғалімдері интернет арқылы оның жұмысын түрлі байқауларға жібереді, – дейді Таланттың әкесі.

Шілде айының басында Күйжу өлкесі Гүйяң қаласында өткізлетін 4-ші кезекті «Жас өспірімдердің Сүң Шиң Лиың атындағы тапқырлық жасау» олимпиядасына шақырады. Бұл олимиядаға ол тамыздың 23-25 күндері қатысады. Алғашқы нұсқасына біраз өзгерістер енгізіп, мектепіндегі жетекші мұғалімі Лю Куй Жын мен анасы Гүлнұр үшеуі барады. Өзі күміс медалмен, жетекшісі «Мемлекет бойынша таңдаулы жетекші» атағымен марапатталады. Талант оқып жатқан  Күнес аудандық Бестөбе орта мектебі «Сүң Шиң Лиың жастар мен өрендердің ғылым-техника тапқырлығындағы үлгі көрсету базасы» болып бағаланады.

Осыдан кейін қыркүйектің 20 күндері Шаңхай қаласынан арнаулы тілші келіп, Талаттан сұхбат алып, видео кескіндер түсіріп қазан айының 20-24 күндері болатын «Жас өспірім Эдисон» бағдарламасының талдау жарысына шақырады. Бұл жолы Талант байқауға қатысушылардың ішінде төрт бірдей бағалаушының бәрінің оң бағасына ие болды. Талантын 4 тәлімгердің ішінен өзіне көптеген тапқарлықтар жартақан таюандық профессор Дың Құң Жүңды өзіне ұстаз ретінде таңдады. Дың профессор Таланттың жасаған тапқырлығын одан әрі өңдеп жасап бермекші. Бұдан кейінгі басқа да жаңалық жаратуына нұсқау беріп отырады.

Тұрдыбек Құрметхан

Рекомендовать
Последние новости