"Қайтқан малда қайыр бар!". Назарбаеваның қонақ үйі мемлекетке 1,3 млрд теңге қайтаратын болды

Dalanews 14 мая 2023 09:00 1517

Жаңа Қазақстан Назарбаев отбасы меншіктеп алған активтерді біртіндеп мемлекет меншігіне қайтаруда. Бұл жайында Dalanews.kz ақпарат агенттігі ұдайы жазып келеді.

Күні кеше ғана құқық қорғау органдарының ведомствоаралық комиссия кезекті отырысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Жоғарғы Соттың шешімі елордадағы «Думан» қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 миллиард теңге өндірудің мүмкіндігі туды» деп осыған дейін Дариға Назарбаеваның иелігінде болған қонақ үйден қомақты қаржы мемлекетке қайтарылатынын атап өтті.

Бастапқы «Думан» қонақүйі «ҚазМұнайГаз» компаниясының иелегінде болған-ды.

2014 жылдың күзінде жекешелендірудің «екінші толқыны» жүрген кезінде компания жеке компанияға сатылып кеткен.

Сол кезде жеке компания елорда төріндегі қонақ үйді «Армания» ЖШС ешқандай тендерсіз, төмен бағада сатып алған.


Сол кездің өзінде «Армания» компаниясының түпкі иелері Қайрат Шәріпбаев пен Дариға Назарбаева болған. Бірақ ол кезде Назарбаев әулетінің ақ деген алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрғандықтан, бұл мәселені ешкім батылы барып айта алмаған-ды.

Айтпақшы, Forbes Kazakhstan журналы 2023 жылдағы елдің ең бай кәсіпкерлерінің рейтингісін түзген кезде «A-Service Management» ЖШС (Астанадағы 4 жұлдызды «Думан» қонақ үйінің иесі ) Дариға Назарбаеваға тиесілі екенін жазған-ды.

Рекомендовать
Последние новости