Кеше бір танысым «Қайреке сіз оппозициға өтіп кетіпсіз ғой» дейді. Енді бірі «сіз саясатқа кеттіңіз бе?» дейді. Мен саясаткер емеспін. Мешіттің мінберінде, шәкірттерге дәріс үстінде саясат туралы сөз айтпаймын. Дінді саясатқа араластырмаймын. Мешітте билікті мақтап та, даттап та айтқан емеспін.
Мешітті саяси мінбеге, дау-дамайға араластыруға болмайды. Мешітке әртүрлі саяси көзқарастағы адамдар келеді. Сондықтан ол жерде ортақ құндылықтар ғана айтылуы керек. Бұл менің ұстанымым.
Бірақ басқа уақытта әділдікті сұрау, қателікті көрсету әрбір ұлтын, елін, мемлекетін сүйетін адамның парызы. Абай «Және хақ жолы осы деп әділетті» деп әділдікті сүюді үш имани гүлдің негізіне жатқызған.
Ғалым-академиктеріміз, ақын-жазушыларымыз, жұлдыз әншілеріміз, ұйықтап отырған депутаттарымыз мадақты қойып билік басындағылардың қателігін көрсетіп, әділетсіздіктерді ашық айта білгенде көптеген келеңсіз жайттардың алдын алуға болады.
Бүгінгі қазақ елі басқа деңгейде болар еді. Азаматтық пікірін білдірген адамдарды мемлекетшіл немесе оппозиционер деп бөлу дұрыс па?
Дәметкен мансабы, тендерлі бизнесі, ән айтатын сахнаң үшін не айтса да «ләббайлап» бас шұлғып, реті келсін келмесін «елбасылап» тұрсаң мемлекетшіл жақсы азаматсың.
Ал көпекөрнеу жасалып жатқан әділетсіздікті айтып, халықтың қазынасын тонналап тонап жатқандарға қарсы шығып, пікір білдірсең, бүлікшіл оппозиционерсің немесе хайп қуған популистсің. Бұл қандай қисық қисын?!
Қателікті айтып, жаманшылықты жария ету арқылы оның алдын алу және қажет кезде биліктің жақсы қадамдарын «бәрекелді» деп қолдау нағыз мемлекетке жанашыр, патриот адамның әрекеті.
Ал өзіндік пікірі жоқ, мадақ пен жағымпаздықты кәсіп еткендер мемлекетшілдік былай тұрсын, ел үшін ең қауіпті екі жүзді адамдар міне солар.
Бірақ елімізде өкінішке орай, осындайлардың айы оңынан туып тұр. Себебі...