Қаскелең мен іргелес ауылдардағы электр қуатын беру қалпына келтіріліді

Жарбол Кентұлы 17 сент. 2024 10:01 326

Бүгін сағат 18:20-да Қарасай ауданына қарасты Иргелі, Әйтей ауылдық округтерінде және Қаскелең қаласында 7099 абоненттің электр қуаты толығымен қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде АлматыЭнергоСбыт" ЖШС алдындағы борышына байланысты бірқатар елді мекендерде электр қуаты өшірілген болатын. Олар:

- Иргелі ауылдық округі: "Асыл Арман" тұрғын үй массиві (21 үй);

- Әйтей ауылдық округі: "Өмірзақ" тұрғын үй кешені (311 абонент);

- Қаскелең қаласы: "Қарлығаш" тұрғын үй кешені (14 үй), "Алтын ауыл" тұрғын үй кешені (145 коттеджді қоса алғанда).

Жергілікті атқарушы органдар "BeyAzhTrans" ЖШС басшылығымен борышты өтеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді.


Рекомендовать
Последние новости