Қарт депутаттар жұмысқа үлкен қарқынмен кірісіпті

Dalanews 04 нояб. 2020 07:56 920

Мәжілістегі 23 депутаттың жасы 65-тен асқан. Сондықтан коронавирус өршіген кезеңде олар карантинге кетіп, пленарлық отырыстарға үйінен қатысқан болатын, – деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Наурыздың 26-сында Мәжілістің пленарлық отырысы басталғанда төраға Нұрлан Нығматуллин 65 жастан асқан халық қалаулылары Дүниежүзілік денсаулықтау сақтау ұйымы кеңесімен карантинге кетіп, үйден жұмыс істейтінін айтқан.

Жалпы, Мәжілісте 107 депутат бар, соның 23-і 65 жастан асқан. Олардың барлығын емес, тым болмаса ондығын тізіп көрдік.

Коммунистер фракциясының көшбасшысы Владислав Косаревтан бастасақ, ол 82 жаста. «Нұротандық» Қуаныш Сұлтанов 75-те. Одан кейін Тұрғын Сыздықов 73-ке толыпты. Владимир Божко да жас емес, 71-ге белесіне шыққан. Мәжілісмен Серік Үмбетов 70 жаста. Ал, Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған Ахмет Мурадов пен «нұротандық» Жанат Жарасов 69 да болса, Байділдә Жылқышиев, Сауытбек Әбдірахманов, Бақытжан Ертаев 68-де.


Вирус тез тарап, эпедимиологиялық ахуал күрт нашарлаған соң, журналистер үшін көптеген мемлекеттік органның есігі тарс жабық болды. Соның ішінде Парламент те бар.

Дәл қазір біз Мәжіліс депутаттарының не істеп жүргенін немесе 65 жастан асқандарының қайда жүргендігін білу үшін арна журналистері бірінші Владислав Косаревка хабарласқанда «Абонент байланыс аясынан тыс жерде» деген хабар алыпты.

Абырой болғанда мәжілісмен Ахмет Мурадов тұтқасын көтеріп, қазір бәрі Парламент қабырғасында еңбек етіп жүргенін айтыпты. Ал Сауытбек Әбдірахмановқа да телефон соққанда ол «Оффлайн» деп қысқа ғана жауап беріпті. Демек Сәкең жұмыста.

Осылайша Мәжілістегі қарт депутаттар орындарында жайғасып, алдағы екі ай қарқынды жұмыс істемекке ниеттенген секілді.

Рекомендовать
Последние новости