Qarmet-те қылмыс жасады деген екі қауіпті адамға іздеу жарияланды

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2024 09:10 4971

Ішкі істер министрлігі Qarmet-те ұрлық жасады деген күдікке ілінген екі алаяққа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) іздестірілуде:

Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".

Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".

Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлау сұралады.

Анонимділікке кепілдік беріледі7 


Рекомендовать
Последние новости