Қарағұсова ханым, айлықты көтеруге қатысты ұсынысыңыз не болды?

Dalanews 08 мар. 2018 07:10 911

Қарағұсова ханым, сіздің төменгі айлық жалақыны көтеру керек деген ұсынысыңыз не болды? Әлде, ол да халықты алдарқата тұру ма?

Сізге айтар бір идеям бар. Еліміздегі миллионерлер мен миллиардерлердің салық төлемдерін 10 пайыздан 25-ға дейін көтерініздер! Сонда көп нәрсеге қаражат табылады.

Екінші, несиені 3-4 пайызға дейін түсіріңіздер, (Еуропада 1 пайызданда төмен) Сонымен қатар, несиенің уақытытын 15 жылға дейін қысқартыңыздар!

Несиенің  уақытын ұзарту банкирлердің қамын ойлағандарыңыз. 12 миллиондық бір бөлмелі пәтерге әуелгі жарнаны 2 400 000 теңгені өз қалтамнан төлесем де банктен алатын 9 600 000 теңгеге, сіздердің 7 пайыздық несиеңізбен қарапайым халық ай сайын 67 824 теңгені 25 жыл төлесе, 20 347 200 теңге шығады.

Бұл ақшаға бір бөлмелі екі пәтер сатып алуға болады. Гүлжан ханым экономика ғылымдарының докторысыз ғой. Есептеңіз! Мұны халыққа көрсетілген жеңілдік деп айтуға бола ма?

Студенттерді жатақханамен қамтамсыз ету, елімізді газдандыру, болашақ кәсіпкерлерге қолдау көрсету дұрыс бастама. Тек билік бұл істі аяғына дейін жеткізуі керек. Кезекті бос уәде болып қалмауын қадағалаңыздар.

Айтпақшы, миллионерлерге, миллиардерлерге, латифундистерге салықты көбейту арқылы жоғарғы мәселелерді шешуге де қаражат табауға болады. Мұны экономист емес адамның "шолақ" ақылы деп ойлап қалмаңыз.

Санат Сүгірәлі

Рекомендовать
Последние новости