"Қапыда айырылып қалдық" - Баха-Фестивальдің арқасында аман қалған журналист

Көркем Алдабергенова 14 авг. 2024 16:25 5267

Журналист Мұхтар Түменбай «Баха-Фестиваль» атымен танылған Бақыткелді Баясовпен қалай танысқаны туралы естелігін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы журналист Facebook парақшасында жазды. Мұхтар Түменбай Баха-фестивальмен жақсы таныс болғанын айтады. 

"Алғаш оның 30 жастығында таныстық. Туған күнінде. Әдемі кеш болды. Сосын Навои көшесіндегі мешіттің іргетасын қалаған да барша жігіттерімен келді. Мен де болдым. Шын пейілімен қалап еді түп қазығын. Сол кезде Құран оқығанын көрсеңдер.... Бәрі шын жүректен еді. Және оған өйт-бүйт деп ешкім әмір берген жоқ. Өз қалауымен еді.

Кейін қапыда айрылып қалдық. Өзгелермен қарусыз келуге келіскен болатын бәрі. Соған сеніп қалды аңғалдықтан. Ал ол жалмауыз бетсіздер автоматтармен келіп бәрін қырып салды. Баханың жанындағы үш досымен қоса. Бірақ "ворлардың" сходкасында анау өлтірген төртеуін де жәй жіберген жоқ. Атып тастады. Өйткені біріншіден "коронованный вор в законе" адамға қол көтеруге ешкімнің хақы жоқ еді, екіншіден қарусыз кездесу болады деп келісілген болатын. Алдады. Бірақ өздері де жер құшты, иттер. Солай аңғалдықтан кетті Баха фестиваль", - дейді Мұхтар Түменбай.

Бұған дейін Мұхтар Түменбай жас кезінде Баха-Фестивальдің арқасында аман қалғанын айтқан еді. 

"Мен неге Баха Фестивальді дәл бүгін еске алдым? Қазір бір жарым сағаттан кейін 54 жасқа толады екенмін. Туған күнім. Ал Баха болмаса мен 30 жасқа да жетпес едім. Кезінде шешен ағайындар мені өлтірмек болған кезде, Баха жігіттерімен жетіп келіп, бұл балаға тиіссеңдер бәрің осы жерде қаласыңдар деп еді. Соның арқасында аман қалдым. Қалай еске алмаймын Бахытты. Өзі жастай кетті, ал мен әлі жүрмін. Соның арқасы!", - дейді журналист. 

Айта кетейік, 1990 жылдардың басында алматылық Баха-Фестиваль­дің (Бақыткелді) дәурені жүрді. Ол көпші­ліктің есінде аса қатыгездігімен қалды. 

Ол 1993 жылы жанындағы төрт көмекшісімен бірге көз жұмды. Қазақстандағы рэкеттерге жа­салған ең бірінші қастандық та осы Баха-Фестивальға бағытталды.

Бақыткелді Баясов 1963 жылы Алматы облысындағы қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. 


Рекомендовать
Последние новости