Прокурор АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерді 5 жылға соттауды сұрады

Көркем Алдабергенова 21 авг. 2025 12:00

Прокурор АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерге 5 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz "Власть" басылымына сілтеме жасап.

21 тамыз күні Алматыдағы Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділердің ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды.

Алғаш болып мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеп, белсенділер Нұрлан Жаулибаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мұбараковты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Прокурор оларды 5 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, олардың кінәсі толық дәлелденген.

«Мемлекеттік маңызы бар іс-шараның сәтсіздікке ұшырауы азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу болып табылады», – деді прокурор.


Рекомендовать
Последние новости