Подобедова, Манеза, Чиншанло және Ильиннің алтын жүлделері кері қайтарылады

Dalanews 19 окт. 2016 12:15 1032

Халықаралық антидопинг қауымдастығы 18 қазан күні шұғыл алқа-қотан жиын өткізді. Қатысушылар кіл ауыр атлетиканың жілігін шағып, майын ішкендер, - деп хабарлайды Qamshy.kz  24.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін қазақстандық спортшылар жеңіп алған медальдар мәселесі бұл жолы майшаммен қаралғандай. Подобедова, Манеза, Чиншанло және Илия Ильиндердің Лондон Олимпиадасында жеңген медальдары енді қайтадан Халықаралық Олимпиада комитетіне табысталуы тиіс. Себебі олар кезінде рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек қабылдаған-мыс. Жақын арада бұл жағдайдың анық-қанығы белгілі болып, Қазақстан тарапы ресми мәлімдеме жасайтын болады «Қамшы» сілтейді

Рекомендовать
Последние новости