Педафилді ұрған полицей сотталды

Dalanews 24 сент. 2017 11:53 1054

Педофилді ұрған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық ішкі істер органының  сержант шеніндегі  полицейінің кінәсі «азаптауға» ауыстырылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Ол өзін өзі ұстай алмай, бес жасар қызды зорлаған күдіктіні бірнеше рет ұрған. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, күдіктінің қолы, белі мен беті жарақаттанған. Алған жарақаттар бір аптадан үш аптаға дейін физикалық бұзуылуға әкеп соқтырған. Полицей алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды. Сәтбаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Сқақов конвойлық қызмет қызметкерін айыпты деп таныды, бірақ қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады.

– Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды, – деді судья Жақсыбек Сқақов.

Рекомендовать
Последние новости