Партия төрағалығы? Бұл мәселеге жыл аяғында қайта ораламыз – Тоқаев

Dalanews 28 янв. 2022 10:14 804

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ның Съезінде мемлекет басшысы ретінде өзін ашық әрі адал саяси бәсекелестікке кепіл болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Мен елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін ұсындым. Nur Otan оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс. Бірақ бұл үшін Nur Otan өзі жаңаруы тиіс. Бұл косметикалық қайта жүктеуді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді", – деді Қ. Тоқаев

Осыған орай Президент биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету өзінің конституциялық міндеті санайтынын айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомар Тоқаев партия төрағалығына қатысты әңгімеге кейінірек қайтып оралатынын айтып қалды.


"Бұл жағдайлар, әрине, президенттің кез-келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын болжайды. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз", – деді Қ.Тоқаев.

Президент "Nur Otan" мемлекетшілдер партиясы болуы керектігін айрықша атап өтті.

"Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық!

Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды.


"Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз", – деді Тоқаев.

Рекомендовать
Последние новости