"Өзімнің президент екенімді ойламаппын". Атамбаев өзінің қателігін айтты

Dalanews 15 февр. 2023 04:11 918

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев абақтыдан шығып жатып, журналистерге сұ[бат берді. Ол сонымен бірге 2017 жылы еліндегі бірқатар БАҚ-ты сотқа беруіне байланысты да пікірін жеткізді.

Ол өзінің қателігін түсінгенін айтты.

– Баспасөз еркін болуы тиіс. Мен сотқа бергенде, бір қателік жібердім: өзімнің президент екенімді ойламаппын. Президенттерге сотқа беруге болмайды. Себебі, сот кім күшті соның пайдасына шешім қабылдайды, – деді Атамбаев.

2017 жылдың көктемінде сол кезде бас прокурор болған Индира Жолдыбаева Zanoza.kg (Kaktus.media) басылымына және журналистерге қарсы бес бірдей арыз түсірген. Жоғарғы сот бас прокурордың пайдасына шешім шығарды.

Бұдан бөлек Азаттықтың қырғыз қызметіне қарсы шағым түсірген. Бірақ кейін бас прокуратура Азаттыққа берген шағымын қайтарып алды.

Рекомендовать
Последние новости