Өзбектер соғыс ардагерлеріне 1150 доллар сыйақы бермек

Dalanews 21 апр. 2021 22:23 734

Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер 12 миллион сум (шамамен 1150 доллар) сыйақы бермекші, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тиісті жарлыққа 2021 жылғы 20 сәуірде президент қол қойды.

Сыйақы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында төленеді. Қаражат республика бюджетінен бөлінеді.

Құжатта 9 мамыр – Еске алу және құрмет көрсету күні екені жазылған. Мемлекеттік мекемелерге осы күні карантин талаптарын сақтай отырып, ардагерлермен кездесулер, мәдени-ағарту кештерін ұйымдастыру тапсырылды.

Рекомендовать
Последние новости