Өткен жылы Шығыста 17 мың жұмыс орыны ашылған

Dalanews 27 февр. 2017 02:46 826

Жаңа жұмыс орындар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Жұмыссыздық көрсеткіші  4,9  пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беруінде мәлімдеді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 17 мың адам қамтылып, 4,6 жаңа жұмыс орны ашылды. 1,1 млрд теңгенің 442 микрокредиті берілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жүзеге асыруда 5,4 млрд. теңгенің 620 жобасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде денсаулық сақтау, білім, инженерлік, транспорттық инфрақұрылымның, спорт және мәдениет нысандары жаңартылды.

Еңбек ресурстарының жеделдігін және оларды баспанамен қамту үшін Жарма мен Үржар аудандарында 13 жеке қызметтік үйге ие болды. Өскеменде жас мамандарға арналған екі жатақхана құрылысы аяқталды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған бағдарлама бойынша өнімді еңбекті және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 2017-2021 жыл аралығында тұрғындар арасында облыстағы барлық колледждерден тегін түрде кәсіби-техникалық білім алуға мүмкіндік туды. Биыл облыстық бюджеттен 1730 адамды оқыту үшін 343,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды бір айдан алты айға дейінгі уақытта курс оқыту қарастырылған. Мың жарымға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.

Жеті жыл мерзімге жылдығы алты пайыздан аспайтын 16 млн. теңгеге дейін шағын несие беру қарастырылған. 2017 жылы шағын несиеге 1 054,2 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыста жастар практикасына 546 адам жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 620 адамды орналастырмақ.

Рекомендовать
Последние новости