«Өте маңызды» кітабында кәсібін шағын несие ұйымынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын өркендетіп, қаржы компаниясына айналдырған кәсіпкердің бизнес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері қамтылған. Бұл кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін пайдалы туынды болмақ.

Еңбек жалпы кәсіпкерлікке, бизнеске қызығушылық танытқан барша оқырманға, қалың қауымға, жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Автор бизнес тақырыбын бүгінгі көзқарас тұрғысынан жіті саралаған, жете зерттеген. Қазіргі уақыттағы бизнестің жаңа құралдарын игерсем-білсем, зерделесем, тоқысам, үйренсем деген көзіқарақты кәсіп бастасам деген жұртшылыққа, әсіресе жастарға алар тәлім жетіп артылады. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Екі мың дана таралыммен AmalBooks баспасынан жарық көрген аталған кітап көркем безендірілген.