«OTAU TV» мен эфирлік телеарналар уақытша тоқтайды

Самал Асқар 04 февр. 2026 16:50

«Қазтелерадио» 5 ақпанда ел бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания мәліметінше, жұмыстар 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін бекітілген кестеге сәйкес атқарылады. Осы уақыт аралығында ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабар тарату жабдықтарына, сондай-ақ деректерді беру желілеріне техникалық қызмет көрсетіледі.

Профилактикалық жұмыстар кезінде «OTAU TV» спутниктік телевидениесі, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабар тарату, деректерді беру және телефония қызметтерінде уақытша үзілістер болуы мүмкін.

«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, көрермендер мен абоненттердің түсіністікпен қарауын өтінді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove