Өскеменде үйдің кіреберісінде өлі табылған ер адамға қатысты тың дерек шықты

Dalanews 15 янв. 2024 08:46 1086

Өскеменде үйдің кіреберісінде өлі табылған ер адам спортшы болып шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, қаза тапқан ер адам - жергілікті танымал спортшы Эльер Юнусметов болып шыққан. Өскемен тұрғынын 13 қаңтарда өлтіріп кеткен болатын. Бұл сәт видеоға түсіп қалған. Шақыру бойынша жеткен полицейлер Өскемендегі үйлердің бірінің кіреберісінен ер адам өлі жатқанын анықтады.

Марқұм ер адам 1990 жылы Қатон-Қарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында туған.

"Эльер Юнусметов - жекпе-жектен (ММА) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксингтен спорт шебері, Кудодан спорт шебері, Әлем кубогының иегері және жекпе-жектен Еуразия чемпионы, "Катуни шайқасы" Гран-приінің иегері (Ресей Федерациясы). Ол спорттағы алғашқы қадамдарын 5 жасында бастады, қабілетті баланың алғашқы жаттықтырушысы - әкесі болды. Эльер Юнусметовтың туыстарының айтуынша, спортшы туған ауылында жерленеді", - деп жазды басылым. 

Рекомендовать
Последние новости