Өскемен маңында Ан-2 ұшағы құлады. Адамдар аман

Dalanews 27 февр. 2020 03:24 655

26 ақпанда түс кезінде Өскемен қаласына жақын Прапорщиково ауылында Ан-2 ұшағы құлады деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті. Ұшақта бес адам болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Владимир Лидің сөзіне сүйенген Tengrinews сайтының жазуынша, ұшқыш жергілікті аурухананың травмотология бөліміне жатқызылған, ал қалған төртеуін дәрігерлер үйлеріне қайтарған. Дәрігерлер олардың кішігірім жарақат алғанын, өміріне қауіп жоқ екенін айтқан.

Қазақстанның авиация билігі өкілдерінің айтуынша, жергілікті «Орлан 2000» әуе компаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырма бойынша Өскеменнен Ақсуатқа ұшқан. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де «двигательден ақау шыққанын» хабарлаған.


Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, әуе кемесі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым қашықтықтағы аумаққа қонуға мәжбүр болған. Оның бортында үш экипаж мүшесі, екі жолаушы болған.

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті ұшақтың двигателі өртенгенін хабарлады.

Рекомендовать
Последние новости