Белсенді Дулат Ағаділдің өлімін арнайы прокурорлар тексереді

Dalanews 26 февр. 2020 12:14 951

Ішкі істер министрлігі қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өлімін тергеуге қатысты қосымша ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, бүгіннен бастап осы істі арнайы прокурорлар тергейтін болды.

– Қазіргі кезде қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде. Олар бас прокуратураға қарайды, – деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді. Ал сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы заң бойынша 25-30 күнде жасалады. Департамент басшысы қоғам белсендісі қалай ұсталғанын да айтып берді.

– Шұғыл іздестіру шараларын Ақмола облыстық департаменті қызметкерлері атқарды. Дулат Ағаділ сағат 20:37-де ұсталған болатын. Одан кейін біздің қызметкерлеріміз оны емханаға апарды. Сол жерде ол дене жарақатының бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтті. Сосын наркология орталығына барды. Мамандар Ағаділдің орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Ағаділдің өзі ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ, – деп атап көрсетті Әділов.


Дулат Ағаділмен бірге тергеу изоляторында отырған төрт адамнан жауап алынды. Әділовтің айтуынша, олар жалпыға ортақ қылмыстар үшін қамауға алынған болатын. Алайда департамент басшысы нақты қандай қылмыс екенін айтқан жоқ.

1Олардан жауап алынды. Сол мәліметтер де Дулат Ағаділге қатысты ешқандай зорлық-зомбылықтың жасалмағанын растап отыр» дейді Әділов.

Рекомендовать
Последние новости