
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев, жазушы Серік Жанәбіл, "Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі Бахтияр Тайжан сөз алып, латын әліпбиіне өтудің тәуелсіз мемлекет үшін маңызын атап өтті. Аудан қонақтары Тутөбе басына көтеріліп, қасиетті Ордабасы биігіндегі бұл бастаманың да баянды болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ортақ бәтуаға келіп, үндеу қабылдады.

– Киелі өңірге жасаған қадамдарыңыз құтты боларына сенімдімін. Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларына қолдау білдіріп, ел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын болсақ, алар асуымыз алда. Сіздерге Ордабасы өңіріне ат басын бұрып, игі шараны осы жерден бастағандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деп, басқосуды қортындылады.