Оқушыларымыз беделді халықаралық олимпиада төрт қола медаль жеңіп алды

Жарбол Кентұлы 27 июл. 2025 14:10

Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша өткен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадада төрт қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл додаға жүзден аса елден келген мықты қатысушылардың арасынан топ жарып, жүлделі орынға ие болу – үлкен жетістік. Жас биологтар күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жеңіс еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін айқын көрсетіп, биология ғылымына қызығушылығы бар жастардың жаңа буынын қалыптастыруға жол ашады. Олимпиададағы табыс – ұстаздар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

 

 


Рекомендовать
Последние новости