Оқушы сабақ үстінде толғата бастаған: Ақтөбелік зейнеткерге сот үкімі шықты

Сағыныш Сардарова 04 февр. 2026 11:17

Ақтөбе облысында сабақ үстінде босанған 14 жастағы қыздың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz "Жетінші арнаға" сілтеп.

Оқушы алпыстан асқан өгей нағашы атасынан жүкті болып қалған. Кейінірек полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды. Балалардың құқығын қорғау комитеті де жағдайды бақылауға алды.

14 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін туыстары да, мектеп мұғалімдері де білмеген. Сот үкімімен күдікті 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деді мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Алтынбек Сабыров.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove