ОҚО-да сот төрағалары ауысты

Dalanews 26 июн. 2017 04:34 916

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық сот төрағасы ауысты әрі бірқатар аудандық сот төрағаларының өкілеттік мерзімдері аяқталып, олардың орнына жаңадан басшылар тағайындалды, деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне Талғат Баратбеков тағайындалды.

Талғат Қожанұлы Баратбеков 1973 жылы туған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби аудандық сотында сот орындаушысы болып бастаған. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық және Алматы қалалық әділет басқармаларында бөлім басшысы, Алматы облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облыс­тық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған. 2009 – 2016 жылдар аралығында ҚР Бас Прокуратурасы бас­қармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облыстық соты сот коллегиясының төрағасы болған. 2016 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотында судья қызметін атқарып келді.

Осыған дейін Бәйдібек аудандық сотын басқарып келген Әбдіғаппар Бекбатыров Шымкент қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды. Ал Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметін осыған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болған Ермек Қарақұлов атқаратын болды.

Ал Отырар аудандық сотының төрағасы болып бұған дейін осы ауданның судьясы болып қызмет еткен Әкімбек Жанасов тағайындалды.

Облыстағы кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырыл­ған ауданаралық соттың төрағасы қызметін Қанатбек Қоңырбаев атқаратын болды.

Рекомендовать
Последние новости