ОҚО-да 101 елдімекен сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілмек

Dalanews 26 июн. 2017 04:22 725

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 101 елді мекеннің 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізетін болады.  Ол үшін биыл 59 электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап, www.dalanews.kz сайты хабарлайды.


Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа 400 МВт сағатты құрайды. Оның 30 пайызы  ішкі көздер есебінен өндірілсе, 70 пайызы еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады. Ағымдағы жылы  Шымкент қаласында "Бозарық", "Астана 1,2" қосалқы станцияларының құрылысы аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде қаладағы өнеркәсіп орындары мен 425 мың тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілмек. 


Бұдан бөлек,  7 қосалқы станциялардың (Акжар, 1М1, 1М2, 2М1, 2М2, Новостройка 1, 2) құрылысын аяқтау көзделуде.  Биыл сондай-ақ  Сарыағаш ауданында 220/100/10 кВ "Қызыләскер" қосалқы станциясының құрылысы  бастау алмақ. Бұл мақсатқа 7,8 млрд. теңге бағытталатын болады. Егер жоба толығымен іске асса, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы 705 мың тұрғын мен ауылшаруашылық нысандары, өнеркәсіп орындарын үзіліссіз, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Яғни, Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандары экономикасының әрі қарай дамуына қосымша 50 МВт электр энергиясы пайда болады.


Сонымен қатар, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында  орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында "Бадам" қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады. 


Облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мәліметіне сәйкес 2018 жылы бастау алатын Төлеби ауданындағы  «Алатау» қосалқы станциясының құрылысына 938,9 млн теңге бөлініп отыр.   2017 жылы қуаттылығы 3,5 МВт-ты құрайтын Қазығұрт және Сайрам аудандарындағы 2 шағын су электр станцияларының құрылысы аяқталып, іске қосылады деп күтілуде.


Осы жобаларды іске асыру арқылы  электр желілерінің тозу деңгейін 2017 жылы 55,7 пайыздан  54,8 пайызға,  2021 жылы 52,4 пайызға  төмендету көзделуде. 


Бұған қоса, ағымдағы жылы Шымкент, Арыс қаласы, Мақтарал, Қазығұрт, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы  70 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысының электр жүйелерінің 2030 жылдарға дейін даму схемасы»  әзірленуде.





Рекомендовать
Последние новости