Өмір бойғы төрағалық? Енді мұндай заң қажет емес - президент Тоқаев

Dalanews 18 февр. 2022 05:25 754

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне объективті баға беру керектігін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мемлекет басшысы жаппай наразылық мәселесіне кешенді түрде қарайтын болсақ, олардың негізінде өткір әлеуметтік мәселелер жатқанын атап өтті.

"Халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейі төмен. Бұл фактіні мойындауымыз керек. Сонымен қатар, мемлекет байлығының үлесі тар топтың қолында шоғырланған. Теңсіздік артып келеді. Бұл туралы мен Парламентте де, басқа жерлерде де сөйлеген сөздерімде айттым", – деді мемлекет басшысы Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде Елбасыға қарсы мәлімдемелеріне пікір білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл бойы жасаған жұмысы мен сіңірген еңбегін ұмытуға болмайтынына сенім білдірді.

"Бұл тарихқа құрметсіздік болар еді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттігіміздің іргетасын қалады, еліміздің нығаюына үлкен үлес қосты. Біз оның қызметіне объективті баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш президенттің кемшіліктері болса, онда біз онымен күресуге міндеттіміз", – деді ол.


Оған қоса, президент конституциялық заңдарға Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

"Барлығы белгілі ғой. Бұрын мұндай заңдар қабылданса, енді қажет емес. Бұл туралы тікелей айтуымыз керек. Болашақта мұндай заңдар қабылданбауы керек деп есептеймін. Бұрын да кемшіліктер болған, бұл біздің тарихымыз. Тарихымызды білу – әрқайсымыздың міндетіміз", – деді мемлекет басшысы Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Рекомендовать
Последние новости