Өлім жазасына кесті

Dalanews 15 мая 2015 03:09 1001

Солтүстік Корея лидері Ким жиында қалғығаны үшін қорғаныс министрін өлім жазасына кесті

Солтүстік Корея Қорғаныс министрі Хён Ён Чхольді мемлекет лидері Ким Чен Ын әскери жиналыс кезінде қалғып отырғаны үшін өлім жазасына кесті. Берілген мәліметтерге қарағанда Хён Ён Чхольға зениттік қарумен өлім жазасы орындалғанын айтылады.

Оңтүстік Корея парламентінде депутаттарға ұлттық қауіпсіздік өкілі (NIS), Солтүстік Корея Қорғаныс министрі Хён Ён Чхоль 30 сәуірде өлім жазасы орындалғанын жеткізді. Берген мәліметіне қарағанда солтүстік Корея лидері Ким қорғаныс министрін әскери жиналыс кезінде қалғып отырғандығы және  Ким Чен Ынға сенімсіздік және құрметсіздік себебімен айыпталған.

NIS өлім жазасының әскери жиыннан көп өтпей, екі-үш күннен соң орындалғанын айтты.

Ақпаратта жаза  әскери оқу орнында көпшілікке көрсетіліп зениттік қарумен орындалған. Бұл хабар Солтүстік Корея ақпарат құралдарында терістелген. Бұл мәлімет көрші Оңтүстік Кореяның медиасын дүр сілкіндірді.

 

Хён Ён Чхоль  Ресеймен жақын байланыста болған

 

Оңтүстік Корея медиасында пікір айтқан мамандар министрдің Ресеймен жақын байланысы болғанын айтады. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Путиннің шақыртуын қабыл алмағанын, қорғаныс министрі президентке Мәскеудегі жеңіс парадына қатысуын өтінгенін, сонымен қатар Мәскеу басшылығымен жақын байланыста болғанын айтқан сарапшылар өлімнің негізгі себебі осы секілді арадағы түйткілдер болуы мүмкін екенін айтады.

Назар ТҰРЫҚБАЙҰЛЫ

Рекомендовать
Последние новости