“Ол Грузияға қашты”. Ресей басылымдары Қуат Ахметовтың ізіне түсіп алды 

Dalanews 31 авг. 2021 14:29 1018

Ақорда идеологы Дәурен Абаевтың даулы мәлімдемесінен кейін Кремльдің пропаганда құралдары бұрынғыға қарағанда батыл қимылға көшті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қазақстанның ақпараттық кеңістігін билеп-төстеп отырған ресейлік масс-медиа тіл жанашырларын орыстілді аудиторияға қарсы қою науқанын қызу жүргізуде.

Тіл жанашырларын қаралау кампаниясы Абаевтың атышулы мәлімдемесінен кейін үдей түспесе, бәсеңдеген жоқ. 

Қазақстанда “Тіл майданы” атты қозғалыстың құрылуы одақтасымызға ұнамай, ақыр соңы осы ұйымның бастауында тұрған Қуат Ахметов елден кетуге мәжбүр болған.

YouTube-тегі  “Тіл майданы” арнасы арқылы мемлекеттің тілді дәрежесін кеміткен мекемелер мен жекелеген тұлғаларды жұртқа жария етіп, оларды осы қылығы үшін ел алдында кешірім сұратқан Ахметовтың әрекеті Кремль идеологтарының құлағына шалынып, мұның соңы үлкен дау-дамайға ұласқан. 

Ахметовтың аудиториясы күн өткен сайын артып жатқаны да Мәскеудің мазасын қашырса керек, Қуатты қудалауды сұрап, Ақ Ордаға салмақ салған.

Кремльдің пропаганда құралдары күні кеше Қазақстаннан белгісіз бағытқа ұшып кеткен “Тіл майданы" белсендісінің қайда жасырынғанына дейін біліп отыр.

Мәселен, “Московский комсомолец” былай жазады:  

“Ахметов? Ол Қазақстандағы орыстілді аудиторияны әбден зәрезап қалды. Қазақша сөйлемегені үшін талай адамды алқымнан алып, қоқан-лоқы көрсеткенін Қуаттан жәбір көрген жұрт ұмыта қойған жоқ. Кейін олардың мүсәпір кейпін желіге жүктеп отырған. Абақтыға қамаларынан қорыққан Ахметов Қазақстаннан қашып, Грузияда бой тасалады. Қазір ол Тбилисиде жүр”.


Ал Russia Today бөтен елдің билігінен Ахметовтың қолына кісен салуды талап етуде. 

“Қазақстандағы ұлтараздықты қоздырып, орыс аудиториясының жүйкесін жұқартқан Ахметовты бір сағатқа жетер-жетпес уақытта босата салды. Қолына кісен салынған сәтте абақтыға қамаудың орнына, айыппұлмен шектелді. Біздің валютаға шаққанда бар болғаны 25 мың рубль. Ахметовтың жақтастары әлгі айыппұлды әп-сәтте жауып тастады. Қазақ билігі одан зардап шеккен тұрғындармен неге тілдеспейді?” , – деп бұлқан-талқан болған екен RT. 

Айта кетелік, бұған дейін Dalanews.kz  “Тіл майданының” құрбаны болдым деген атыраулық әйелдің сұхбатын жариялаған. 

Эмилия Гречаник орысша сөйлегені үшін сорлағанын, қазақ ұлтшылдарынан қаймыққандықтан камераның алдында кешірім сұрауға мәжбүр болғанын, бұл әрекетке амалсыздан барғанын айтқан.

Russia Today-дың айтағына ерген әйел ұлтшылдардың үстінен президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен күштік құрылымдарға арыз жазуға оқталып отыр.

https://dalanews.kz/del-qazir/66889-keshirim-suramauym-kerek-edi-atyraul

Рекомендовать
Последние новости