Нұрлан Ұранхаев Еңбек ардагерінің кеудесіне «Құрмет» орденін тақты

Dalanews 28 окт. 2023 08:28 1588

Бүгін Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 98 жастағы Әбдеш Имахановтың үйіне еңбек ардагерін мерекесімен құттықтап, «Құрмет» орденін өз қолымен табыстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнаған абзал жан.

1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарған білікті маман.

Әбдеш Имахановтың қой шаруашылығы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілген болатын.




2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шиліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.

Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр.

Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.

 

Рекомендовать
Последние новости