Нұрлан Нүркенов: «Нұр-Сұлтан шығыс пен батыс мәдениетінің үйлесімі тоғысқан қала»

Dalanews 24 окт. 2019 04:24 1087

Алдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік стилін қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің сөзінше, бүгінде дизайн-код бойынша жұмыс басталған. Ағымдағы жылдың төртінші тоқсаны және келесі жылдың бірінші тоқсанында бірыңғай сәулеттік стильді қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады.

– Шынымен де, дизайн-код қалалық дамуды қалытастырудың негізінің бірі. Бұл қала көшелері, орамдар, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай стилі. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанның өзіндік стилі бар, ол шығыс пен батыс мәдениетінің үйлесімі. Елордада Норман Фостер сынды әлемге әйгілі сәулетшілер жұмыс істеді. Осы жұмысты жалғастыру керек, – деді Н.Нүркенов.

Оның айтуынша, қала сәулетшілері мен әкімшілерінің қаланың тұтас және жекелеген ғимараттары қандай стильде дамитыны туралы ортақ түсінігі болады. Әкімдік кәсіп ашатын кәсіпкерлер мен тұрғын үйлерді салатын құрылыс компанияларына дайын дизайн-код ұсынатын болады.

Рекомендовать
Последние новости