Нұр-Сұлтанда туристік аудан бой көтереді

Dalanews 29 окт. 2019 17:02 1061

Елордада көпфункционалды туристік ауданның құрылысын салуға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен «Ellington Properties Development LLC» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томас бірлесіп талқылады. Бұл жайында Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті. Бүгінде атламыш компания АХҚО-да тіркеліп, табысты жұмыс істеп келеді.

Таяуда елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өткен болатын. Нұр-Сұлтан қаласында салынатын жаңа туристік аумаққа шетелдік инвестицияға салынбақшы. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасы елордада іске қазірдің өзінде іске аса бастады.


Туристік ауданда жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын-сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. Осылайша қалада туристік орам пайда болмақшы.



Бұл іске тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Іске асыру мерзімі – 5-6 жыл. Компания нарықта 5 жыл жұмыс істеген. Бұған дейін Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі ретінде танылған. Іргелі жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.

Рекомендовать
Последние новости