Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа корпусы ашылады (видео)

Dalanews 19 дек. 2019 13:02 1340

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысы барысымен танысты. Мекемеде 300-ден аса маман жұмыс істейді. Олар стационар және жартылай стационар жағдайында ДЦП, аутизм диагнозы, Даун синдромы бар, олигофрениямен ұштасқан сөйлеу бұзылыстары, психикалық ауытқуы бар балалармен жұмыстанады.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 корпустан тұрады. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдармен  жұмыстанатын әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% -дан бастап (және одан жоғары) көтерілетін болады.

– Орталық игі әрі күрделі жұмыс атқарып келеміз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесесіздер. Сіздерге алғысымды білдіремін! Біз сіздердің еңбегіңізді бағалаймыз.

Біз балалардың ата-аналарымен, басқа да оңалту орталықтарының қызметкерлерімен кездесіп, бірлесе жұмыс сапасын жақсарту мен білікті көмек көрсету бойынша жұмыс істейміз. Мұндай мекемелерге сұраныс жыл сайын артып келеді. Көптеген балалар көмек пен оңалтуды қажет етеді.

Сондықтан қосымша корпус ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетумен айналысатын әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған жатақхана салу мәселесін қарастырамыз, – деді Алтай Көлгінов.

Мереке қарсаңында әкімдік балаларға және әлеуметтік қызмет көрсету орталығына сыйлықтар табыстады. Қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 26 мыңнан болса, оның 5.5 мыңы балалар.
Елордада ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін екі оңалту орталығы салынады. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында емхана, балабақша, оңалту орталықтары, полицияның тірек пункті сияқты әлеуметтік нысандар ашылады. Сондай-ақ ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады. Жыл басынан бері инватакси саны 22 машинадан 46-ға дейін,екі есе артты.

 

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=BIGKRaQvNuA&feature=emb_logo

 

Рекомендовать
Последние новости