Нұр-Сұлтан: тегін көмір кімдерге беріледі?

Dalanews 07 сент. 2019 16:48 976

Астананың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 15 қыркүйектен бастап халықтың жекелеген топтарына қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін құжат қабылдап бастайды.

Әлеуметтік көмектің аталған түрі жеке жер үйде тұратын және жергілікті жылыту құрылғысын (пеш) пайдаланатын үй иелері немесе жалға алушы, егер олар және олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаса және жан басына шаққандағы орташа табысы төрт күнкөріс шегінен аспайтын болсажасы келген зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар ала алады.

Өтемақы жылыту маусымына (2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін) 16 АЕК көлемінде беріледі.

Егер бір жер үйде әлеуметтік көмек алуға құқылы бірнеше адам тұрып жатса, өтемақы тек бір ғана адамға төленеді.


Әлеуметтік көмектің аталған түріне қол жеткізу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезінде Достық көшесі, 13 («Нұрсая» ТК) мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барып, отбасы мүшелерінің барлығын көрсетіп өтініш жазу керек.

Сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесін, табысы туралы (барлық отбасы мүшелеріне), тоқсан ішіндегі кірісі туралы мәлімет, мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі), ҚР Әділет министрлігінің аумақтық органымен берілген тіркелген жылжымайтын мүлікке құқығының жоқтығын растайтын анықтама, тұрғын үйді пайдалануға құқық беретін құжатты (жалға алушылар үшін) ұсыну керек.

Аталған көмекті алуға қатысты қосымша ақпаратты Сарыарқа ауданы бойынша 55-68-45, Байқоңыр ауданы - 55-68-45, Алматы ауданы - 55-68-22 және Есіл ауданы бойынша 55-58-34 нөмірлеріне хабарласып алуға болады.

Рекомендовать
Последние новости