«Nur Otan» партиясы: Ордабасы ауданы 2025 жылға дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

Dalanews 30 дек. 2020 10:24 890

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін Ордабасы ауданы ауданы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, ауданның 91,5 пайызы, яғни 42 елдімекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Бақтияр Тағаев пен Бақыткүл Тастанбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Байдәулет» шаруа қожалығының ұжымымен өткен экспромт кездесуде мәлімдеді.

Сондай-ақ, кандидаттар алдағы бес жылда аудан электр қуатымен және газбен қамтыла түсетінін айтты.

–  «Nur Otan» партиясы үнемі халықтың мүддесіне жұмыс істеп келе жатқан саяси ұйым екенін ел біледі. Бұл сөзіме халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы шаруалары дәлел. Мәселен, алдағы 5 жылда 14 ауылға көгілдір отын тартылады. Ал, қазір 6 ауылда ғана газ бар. Одан бөлек, автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайын 94 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, басқа да кәсіпкерлік, әлеуметтік салалар бойынша ауқымды жұмыстар сайлауалды бағдарламаға еніп отыр. Бір сөзбен айтқанда, халықтық партия сіз бен біздің жағдайымызды жақсарту үшін тиісті шаруаларға жетекшілік танытып отыр. Сондықтан дұрыс таңдау жасап Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз, – деді Б.Тағаев.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Ордабасы ауданын дамытуға байланысты 7 бағытқа басымдық берілген. Олардың қатарында экономикалық тұрақтылық, ыңғайлы аймақ, әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ бағыттары бар.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!



«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости