Назарбаевтың келіні БҰҰ-дағы 6 жылдық қызметінде не бітірді?

Нұрлан Жұмахан, колумнист 01 февр. 2024 11:44 8377


Қайрат Сатыбалдының зайыбы Гүлмира Сатыбалды жайында әңгіме қозғарда оның Назарбаев әулетін арқаланып, әлдекімдердің табысты бизнесін тартып алған әрекеті бірден еске түсді. Әдетте Назарбаев отбасы мүшелері бизнесте табысты жұмыс істеп, үлкен байлыққа кенелгенді жөн санайды. Олардың қай-қайсысының биографиясына көз салсаңыз, туа бітті кәсіпкерлік қабілетке ие ме деп таңқаласың.    


Ал Гүлмира ханымның 2009-2015 жылдары БҰҰ-ның Нью-Йорктегі 6 жылға созылған дипломатиялық қызметі жайында көпшілік біле бермейді деп жазады Dalanews.kz. 


Ғаламтордағы ашық ақпарат көздерінен Гүлмира Сатыбалдының негізгі мамандығы ұстаз екенін білуге болады. Өкінішке қарай, ғаламтордан оның қай мектепте жұмыс істегенін табу мүмкін болмады.


Есесіне, оның рейдерлік әрекетпен айналысып, кәсіпкерлерді қан қақсатқаны жайлы ақпарат толып тұр. 



Енді негізгі әңгімемізге көшсек. 2009 жылы Гүлекең Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінде үшінші хатшы болып, дипломатия саласындағы мансабын бастайды.



Бұл кісі де қайынағасы Болат Назарбаев айтқандай, "әулеттің тегін пайдаланбастан" өзіне тапсырылған жұмысты табысты атқарып, бар болғаны екі жылда бірінші хатшы статусына ие болған. Бірақ Гүлмира ханымды қоғам білікті дипломат деп еш уақытта таныған емес.  


Осы ретте "ол Нью-Йорктегі дипқызметінде қандай мәселемен айналысты?" деген сұрақ туындайды.


Әрине, Гүлмира ханымның саяси-экономикалық мәселелермен айналыспағынын ішіңіз сезіп отырған шығар. Мұндай күрделі іспен айналысуға ол кісінің өресі жетпесі анық.  


Гүлекең Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінде қызмет атқарған тұста мәдениет саласына жауапты болған. Алайда отбасының "пысық келіні" Нью-Йорктегі 6 жылдық қызметінде қазақ мәдениетін әлемге қалай насихаттағанын ешқандай дипломат айтып бере алмайды. Жалпы, педагог мамандығын меңгерген келіннің ауыз толтырып айтатындай іс атқармағанын ішіңіз сезіп отырған шығар. 


БҰҰ-дағы өкілдікте тұтастай елдің мәдени құндылықтарын насихаттау оңай шаруа емес. Мұндай жауапты қызметті атқару үшін үлкен іс-тәжірибе қажет. Мұндай білік пен білім Назарбаевтар әулетінің келінінде қайдан болсын?



Гүлекеңде жауапты қызметке қабылдарда оның дипломатиялық іс-тәжірибесіне ешкім қарап жатпаса керек.  



Бізге белгілі болғандай Гүлекең Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінде еліміздегі дипломаттардың жүйкесін жүн қылған. 


Гүлмира ханымның неліктен дипқызметке аңсары ауып, қызыға қалды деген сұрақ туындайды. Оның өзіндік себептері бар.


Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінде жұмыс істеген қызметкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жайлы жағдай мен жеңілдіктер ұсынылады. Шамасы Гүлекең Нью-Йоркте тұрып, осы игіліктерге қол жеткізуді көксесе керек.


Мемлекет БҰҰ-дағы өкілдігінде жұмыс істеген дипломаттардың тұрғын үй жалдау шығынын, балаларының мектептегі оқу ақысын төлеп беретіні белгілі.



Ең маңыздысы халықаралық ұйымда жұмыс істеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғап, түрмеге тоғытуға қарсы иммунитет бар (Гүлекеңді осы мүмкіндік қатты қызықтыруы мүмкін).



Бұдан басқа дипқызметте жүрген мұндай адамдар бірқатар салықтан босатылады (Гүлекең үшін бұл да маңызды болғаны анық).


Осыдан-ақ Гүлмира ханымның дипломат болуға неліктен аңсары ауғанын байқауған шығарсыз. 



Ол Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігіне жұмысқа тұрғанда елдің мәдениетін дамытудан бұрын дипқызметтің игіліктеріне қол жеткізуді көздеген.  



Гүлмира ханым Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілдігінде табаны күректей 6 жыл жұмыс істегенде Қазақстанның мәдениетін әлемге танытты деген әңгімені ешкім естімегені анық. Қаңтар оқиғасы болмағанда Гүлмира ханым Қазақстанның Батыс елдеріндегі бір елшісі болып кетер ме еді?..


 



Рекомендовать
Последние новости