Назарбаевтың атын Ата заңға енгізу қажет

Dalanews 06 мар. 2018 04:28 934

Мәжілісте Бақытгүл Хаменова деген депутат бар екенін көпшілік біліп қалған.

Сол депутат көзге түскіш. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Хаменова Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ҚР Конституциясына енгізуді ұсынған еді.

Мәжіліс депутаты
«Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін Ата Заңға жазып қою идеясын халық жаппай қолдап отыр»,

 

деген сенімін жасырмай айтқан.
«Елбасының баға жетпейтін ерекше рөлін Ата Заңға енгізуді өте қажет деп санаймын. Мемлекеттік тәуелсіздік сияқты еліміздің ұмытылмайтын құндылықтары туралы Конституциядағы 91 баптың екінші пунктіне Тәуелсіз Қазақстанның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін де енгізуді ұсынамын»,

 деп саңқылдап сөйлеп тастаған еді Хаменова былтырғы жылғы дәл осы уақытта.

Ал Назарбаевтың өзі жағымпаздық жайында: "Менің атыма көптеген жағымпаз мақтаулар айтылады.
Мен мұндайға елітетін жаста емеспін.

Бірнәрсе жасалып жатса, ол жайлы айтқан дұрыс, ал одан асыра мақтау қажет емес", – деп айтқаны есімізде. 

Күні кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Назарбаев өзінің әлі тың екенін айтқан. 
"Ертеңгі күнімізге сеніммен қарау үшін мен жұмыс істедім, сол үшін жұмыс істеп келемін, алда жұмыс істей де беремін"

– деді Президент. 

Өз кезегінде марқұм Герольд Бельгер көзі тірісінде Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі туралы шынайы, сауатты пікір әлі күнге дейін айтылмағанын тілге тиек еткен.

"Бәрі шетінен мақтау. Жалпы бізде бәрі мақтау. Бәрі тұлға. Бізде Бель­герден басқасының бәрі тұлға.
Кім-кім, дәл осы Назарбаев мақтауға кенде емес

– деген еді жазушы. 

Рекомендовать
Последние новости