Назарбаев тұсында көлеңкелі схема арқылы байыған олигархтардың тамырына балта шабу қажет - депутат

Сағыныш Сардарова 14 февр. 2024 11:18 3079

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанда негізсіз байыған олигархтардың ісіне тоқтау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сайыров ұлттық бизнес жеке дара адамдардың қолында емес, ал жаппай халықтың игілінде болуы тиіс екенін жеткізді.

"Ескі Қазақстан тұсында, ат төбеліндей топ еліміздің шикізат, қаржы саласына эксплуатация жасап, мемлекеттің жол, темір жолы, коммуникация саласындағы ірі мемлекеттік тендерлерге жөн-жосықсыз ие болып отырған. Қазақстан азаматтары олигархтардың кесірінен "мүмкіндіктер теңсіздігіне" ұшырап отыр. Осы үрдісті тоқтату керек!

Мұндай құбылыс еліміздің экономикалық тыныс-тіршілігіне үлес қосып, кәсіпкерліктпен айналысқысы келетін мыңдаған қарапайым азаматтарға өз потенциалын көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Назарбаевтың тұсында қара нарық пен көлеңкелі схемалар арқылы олигарх болғандардың орнына, халық мүддесін ұмытпайтын "ұлттық бурзуазияны" қалыптастыратын уақыт жетті. Ол үшін олигархияның экономикалық тамырына балта шауып, Қазақстанда әділ әрі адал кәсіпкерлік жаппай құбылыс болуы керек!" - дейді депутат.

Ол үшін Сайыров өткен жүйеден мұра болып қалған олигархтардың экономикалық мүддесін қорғауды тыйып, оларға лобби жасаушы топтарға тоқтау салу керек екенін ашық айтты.


Рекомендовать
Последние новости