Қарағандыда жылқылар жаппай қырылып жатыр

Қаракөз Амантай 09 февр. 2024 15:40 5364

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Төрткүл ауылында жылқылар жаппай қырылып жатыр. Бұл туралы "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" ММ басшысы Қайырбек Тұрсынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, жылқының тұяғынан басталған ірің бүкіл денесіне тарауда. Алайда мұның қандай дерт екені әзірге белгісіз.  

"Эпизоотиялық лимфангитке тән белгілері бар үш жылқыдан сынама алынып, зерттеуге жіберілді. Бұл ауру көбінесе жылқы мен есекке тән. Сондықтан жылқы еті мен қымыз сатып алатын кезде сақ болыңыздар ", – деді Қайырбек Тұрсынбеков. 


Рекомендовать
Последние новости