Мектепті ұстайтындар полиция бақылауына алынды

Қаракөз Амантай 07 февр. 2024 10:28 1430

Мектептердегі тәртіп бұзуға бейім 1 400-ден аса жасөспірім полиция бақылауына алынды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлады Dalanewskz.

Оспановтың айтуынша, барлығы ішкі істер органдарының бақылауына алынды. Ол кәмелетке толмағандар тарапынан бопсалаудың 40 фактісі тіркелгенін атап өтті.

Сонымен қатар өгей әкесімен бірге тұратын балалар ерекше бақылауға алынады.

“Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін полицияның алгоритмі бойынша әкімшілік учаскені аралау кезінде өгей әкесі және өгей шешесімен бірге тұратын балаларға ерекше назар аударылады. Былтыр желтоқсанда мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылыққа, қорқытуға, кибербуллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі арнайы әдістеме бекітілді”, - деді басқарма басшысы.


Рекомендовать
Последние новости